Орыс тілі мен әдебиеті 8-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
8-сыныптың «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Еңбек әлемі
- 8.1.1.1 бөлінген деректерді жалпы контекске біріктіріп, себеп-салдарлық байланыстарды анықтап және қорытынды жасап, ұзақтығы 4-6 минуттан артық емес хабарламаның негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратын түсіну
- 8.1.3.1 сюжет дамуының немесе шиеленістің негізгі сәттерін анықтап, прозалық, драмалық және поэтикалық туындылардың/бөліктердің мазмұнын түсіну
- 8.2.1.1 сөздерді жалпытілдік баламалармен немесе сипаттамалық айналымдармен (перифразалармен) ауыстыру үшін жеткілікті сөздік қоры болу
- 8.2.2.1 мәтіннің мазмұнын шығармашылық толықтырулармен қайта айту
- 8.2.5.1 өз көзқарасын дәлелдеп, қоғамдық-маңызды проблемалар бойынша диалогке қатысу
- 8.3.1.1 тұтас және тұтас емес мәтіндердің басты, жанама және егжей-тегжейлі ақпаратын түсіну
- 8.3.2.1 публицистикалық стиль (мақала, сұхбат, очерк, жолдау), ресми-іскерлік стиль (мінездеме, өмірбаян, түйіндеме) мәтіндерінің стилистикалық ерекшеліктерін анықтау; оларға тән белгілерге негізделген мәтіннің әртүрлі типтерге жататындығын анықтау
- 8.3.5.1 дәйексөзді жоспар құру
- 8.3.6.1 құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін анықтай отырып, көркем шығармалардың (поэтикалық, прозалық, драмалық) мазмұнын талдау
- 8.4.1.1 публицистикалық стиль (мақала, сұхбат, очерк, жолдау) және ресми-іскерлік стиль (мінездеме,өмірбаян, түйіндеме) мәтіндерін құрастыру
- 8.4.2.1 тыңдалған, оқылған және/немесе аудиовизуалды материалдың негізінде мәтіннің мазмұнын іріктеп баяндау
- 8.4.5.1 талқылау, баяндау/сипаттау элементтерімен талқылау мәтінінің ерекшеліктерін сақтай отырып, автордың ұстанымына өз келісімін/келіспеуін білдіріп, ұсынылған проблема бойынша эссе жазу (көлемі 120-140 сөз)
- 8.4.7.1 оқшау мүшелері бар сөйлемдерде тыныс белгілерін қолдану
- 8.5.1.4 аяқталған және аяқталмаған түрде көсемшелер жасау
Ғарыш
- 8.1.2.1 тарихи-мәдени тақырыптағы сөздердің мағынасын түсіну
- 8.1.5.1 тыңдалған мәтіннің үзіндісі бойынша мәтін мазмұнын болжау
- 8.2.4.1 кестелер, схемалар, диаграммалар, графиктер негізінде дәлелді сөйлем құрау (сипаттау және/ немесе баяндау элементтері бар пайымдау)
- 8.2.6.1 кестелердің, сызбалардың, диаграммалардың, графиктердің негізінде құрылған пікірді (монолог/диалог) бағалау
- 8.3.2.1 публицистикалық стиль (мақала, сұхбат, очерк, жолдау), ресми-іскерлік стиль (мінездеме, өмірбаян, түйіндеме) мәтіндерінің стилистикалық ерекшеліктерін анықтау; оларға тән белгілерге негізделген мәтіннің әртүрлі типтерге жататындығын анықтау
- 8.3.4.1 талдамалықты қоса алғанда, оқу түрлерін пайдалану
- 8.4.1.1 публицистикалық стиль (мақала, сұхбат, очерк, жолдау) және ресми-іскерлік стиль (мінездеме,өмірбаян, түйіндеме) мәтіндерін құрастыру
- 8.4.3.1 ақпаратты соның ішінде кестеден, сызбадан, диаграммадан, графиктен тұратын презентация түрінде ұсыну
- 8.4.6.1 НЕ сөзінің әртүрлі сөздермен бірге не бөлек жазылуын дұрыс таңдау
- 8.5.1.2 қозғалыс етістіктерін қолдану
- 8.5.2.2 көсемшелерді қолдану және оларды синонимдік қатарымен ауыстыру
Басқа пәндер, 8-сынып: Алгебра · Геометрия · Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Ағылшын тілі · Физика · Химия · Биология · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · География · Информатика