Қазақ тілі 8-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
8-сыныптың «Қазақ тілі» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
3. Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика
- 8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
- 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
- 8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
- 8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
- 8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу
- 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
- 8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
4. Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис
- 8.1.3.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
- 8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
- 8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
- 8.2.3.1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
- 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу
- 8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
- 8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Басқа пәндер, 8-сынып: Алгебра · Геометрия · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Физика · Химия · Биология · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · География · Информатика