Биология 8-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
8-сыныптың «Биология» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Заттардың тасымалдануы
- 8.1.3.5 лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
- 8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау
- 8.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу
- 8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау
- 8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
- 8.4.3.1 қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау
- 8.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау
- 8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
- 8.1.3.8 жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау
- 8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
- 8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау
- 8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
- 8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
Тыныс алу
- 8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизмдерін сипаттау
- 8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
- 8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
Басқа пәндер, 8-сынып: Алгебра · Геометрия · Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Физика · Химия · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · География · Информатика