Қазақ әдебиеті 8-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Көркем әдебиет және эпикалық сарын
- 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау
- 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
- 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
- 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
- 8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
- 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
- 8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
- 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдепкреативті жазу
- 8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
- 8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
- 8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Басқа пәндер, 8-сынып: Алгебра · Геометрия · Қазақ тілі · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Физика · Химия · Биология · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · География · Информатика