География 9-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
9-сыныптың «География» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
3.2. Атмосфера
- 9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды
- 9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды
- 9.3.2.3 Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалайды
- 9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады
- 9.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
1. Географиялық зерттеу әдістері
- 9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды
- 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады
2. Картография және географиялық деректер базасы
- 9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды
- 9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
3.3. Гидросфера
- 9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары
- 9.3.3.2 қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
- 9.3.3.3 Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді
- 9.3.3.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу жолдарын ұсынады
- 9.3.3.5 Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады: трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі
Басқа пәндер, 9-сынып: Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Алгебра · Геометрия · Информатика · Физика · Химия · Биология · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · Құқық негіздері