Химия 9-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
9-сыныптың «Химия» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- 9.2.2.3 тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану
- 9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
- 9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
- 9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
- 9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
Металдар мен құймалар
- 9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу
- 9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
- 9.1.4.3 құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу
- 9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
- 9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- 9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау
- 9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
- 9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардыңжалпы қасиеттерін түсіндіру
- 9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 9.2.1.3 1 (І)- ші және 2 (ІІ)топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру
- 9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
- 9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
- 9.2.1.6 алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
- 9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу
Басқа пәндер, 9-сынып: Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Алгебра · Геометрия · Информатика · Физика · Биология · География · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · Құқық негіздері