Алгебра 9-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
9-сыныптың «Алгебра» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Тізбектер
- 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу
- 9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:
- 9.2.3.3 математикалық индукция әдісін білу және қолдану
- 9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату
- 9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
- 9.2.3.6 геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
- 9.2.3.7 арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
- 9.2.3.8 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану
- 9.2.3.9 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану
- 9.4.2.2 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару
Басқа пәндер, 9-сынып: Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Геометрия · Информатика · Физика · Химия · Биология · География · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · Құқық негіздері