Физика 7-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
7-сыныптың «Физика» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Тығыздық
- 7.2.2.11 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
- 7.2.2.12 әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
- 7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
- 7.2.2.14 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау
- 7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
- 7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
Денелердің өзара әрекеттесуі
- 7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
- 7.2.2.2 күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
- 7.2.2.10 масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
- 7.2.2.4 серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау
- 7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
- 7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
- 7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
- 7.2.2.6 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау
- 7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
- 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету
- 7.2.2.9 денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
Басқа пәндер, 7-сынып: Алгебра · Геометрия · Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Химия · Биология · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · География · Информатика