Алгебра 7-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
7-сыныптың «Алгебра» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Функция. Функцияның графигі
- 7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру
- 7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу
- 7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу
- 7.4.1.4 y = kx функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау
- 7.4.1.5 y = kx + b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау
- 7.4.1.6 сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу
- 7.4.1.7 у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау
- 7.4.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу
- 7.4.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу
- 7.4.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
- 7.4.1.10 y = ax² (a ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу
- 7.4.1.11 y = ax³ (a ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу
- 7.4.1.12 y = k/x (k ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу
Статистика элементтері
- 7.3.3.1 басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру
- 7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу
- 7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету
- 7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету
- 7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру
- 7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету
- 7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау
Басқа пәндер, 7-сынып: Геометрия · Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Физика · Химия · Биология · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · География · Информатика