Жаратылыстану 6-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
6-сыныптың «Жаратылыстану» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
6.2 Заттар және материалдар
- 6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу
- 6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау
- 6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау
- 6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу
- 6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау
- 6.3.2.3 бейтараптандыру үдерісін түсіндіру
- 6.3.3.1 жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- 6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру
- 6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау
- 6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету
- 6.3.3.5 пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Басқа пәндер, 6-сынып: Математика · Қазақ тілі · Қазақ әдебиеті · Орыс тілі мен әдебиеті · Ағылшын тілі · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · Информатика