Қазақ тілі (ҚГБ) 11-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
11-сыныптың «Қазақ тілі (ҚГБ)» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
- 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
- 11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
- 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)
- 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
- 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу
- 11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау
- 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер
- 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
- 11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу
- 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
- 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
- 11.3.1.1 жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар)
- 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу
- 11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)
Басқа пәндер, 11-сынып: Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ) · Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ) · Геометрия (ЖМБ) · Геометрия (ҚГБ) · Қазақ тілі (ЖМБ) · Қазақ әдебиеті (ЖМБ) · Қазақ әдебиеті (ҚГБ) · Орыс тілі және әдебиеті · Ағылшын тілі (ЖМБ) · Ағылшын тілі (ҚГБ) · Физика (ЖМБ) · Физика (ҚГБ) · Химия (ЖМБ) · Химия (ҚГБ) · Биология (ЖМБ) · Биология (ҚГБ) · География (ЖМБ) · География (ҚГБ) · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · Информатика (ЖМБ) · Информатика (ҚГБ)