Химия (ЖМБ) 11-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
11-сыныптың «Химия (ЖМБ)» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
11.2 Аминдер және аминқышқылдар
- 11.5.1.1 аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атау
- 11.5.1.2 аммиак және аминдер құрылымын салыстыру
- 11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру
- 11.5.1.4 аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау
- 11.5.1.5 аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау
- 11.5.1.6 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру
- 11.5.1.7 аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру
- 11.5.1.8 аминқышқылдардан нәруыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіру
- 11.5.1.9 нәруыздар гидролизнің реакция теңдеуін құрастыру
11.2 Тірі ағза химиясы
- 11.5.1.14 өмір үшін нәруыздардың ролін сипаттау
- 11.5.1.16 нәруыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау
- 11.5.1.15 нәруызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау
- 11.5.1.17 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру
- 11.5.1.18 ДНҚ құрылымының моделін сипаттау
- 11.5.1.19 биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің рөлін бағалау
- 11.5.1.20 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау
- 11.5.1.21 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру
11.2 Синтетикалық полимерлер
- 11.4.2.10 "мономер", "құрылымдық" "буын", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" негізгі ұғымдарын білу
- 11.4.2.11 полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру, поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру
- 11.4.2.12 поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну
- 11.4.2.13 пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау
- 11.4.2.14 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау
- 11.4.2.15 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау
Басқа пәндер, 11-сынып: Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ) · Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ) · Геометрия (ЖМБ) · Геометрия (ҚГБ) · Қазақ тілі (ЖМБ) · Қазақ тілі (ҚГБ) · Қазақ әдебиеті (ЖМБ) · Қазақ әдебиеті (ҚГБ) · Орыс тілі және әдебиеті · Ағылшын тілі (ЖМБ) · Ағылшын тілі (ҚГБ) · Физика (ЖМБ) · Физика (ҚГБ) · Химия (ҚГБ) · Биология (ЖМБ) · Биология (ҚГБ) · География (ЖМБ) · География (ҚГБ) · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы · Информатика (ЖМБ) · Информатика (ҚГБ)