Қазақ тілі (ҚГБ) 10-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
10-сыныптың «Қазақ тілі (ҚГБ)» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма
- 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
- 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
- 10.2.3.1 көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
- 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
- 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу
- 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
- 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
4. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма
- 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
- 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
- 10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
- 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау
- 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу
- 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
- 10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
- 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Басқа пәндер, 10-сынып: Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ) · Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ) · Геометрия (ЖМБ) · Геометрия (ҚГБ) · Қазақ тілі (ЖМБ) · Қазақ әдебиеті (ЖМБ) · Қазақ әдебиеті (ҚГБ) · Орыс тілі және әдебиеті · Ағылшын тілі (ЖМБ) · Ағылшын тілі (ҚГБ) · Физика (ЖМБ) · Физика (ҚГБ) · Химия (ЖМБ) · Химия (ҚГБ) · Биология (ЖМБ) · Биология (ҚГБ) · Қазақстан тарихы · Дүниежүзі тарихы (ЖМБ) · Дүниежүзі тарихы (ҚГБ) · География (ЖМБ) · География (ҚГБ) · Информатика (ЖМБ) · Информатика (ҚГБ)