Қазақстан тарихы 10-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
10-сыныптың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Этникалық және әлеуметтік процестер
- 10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдалану
- 10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау
- 10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа ", "жүз", "ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдалану
- 10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау
- 10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" ұғымын қолдану
- 10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар)
- 10.2.2.4 қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру
- 10.2.2.5 қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін түсіндіру
- 10.2.2.6 қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдалану
- 10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру
Басқа пәндер, 10-сынып: Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ) · Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ) · Геометрия (ЖМБ) · Геометрия (ҚГБ) · Қазақ тілі (ЖМБ) · Қазақ тілі (ҚГБ) · Қазақ әдебиеті (ЖМБ) · Қазақ әдебиеті (ҚГБ) · Орыс тілі және әдебиеті · Ағылшын тілі (ЖМБ) · Ағылшын тілі (ҚГБ) · Физика (ЖМБ) · Физика (ҚГБ) · Химия (ЖМБ) · Химия (ҚГБ) · Биология (ЖМБ) · Биология (ҚГБ) · Дүниежүзі тарихы (ЖМБ) · Дүниежүзі тарихы (ҚГБ) · География (ЖМБ) · География (ҚГБ) · Информатика (ЖМБ) · Информатика (ҚГБ)