Дүниетану 1-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
1-сыныптың «Дүниетану» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Мен және қоғам — 3 Менің отбасым және достарым
- 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, "отбасы" ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
- 1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
- 1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
- 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
- 1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
- 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
- 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттілік терінің құрылымын, олардың өндіру көзін анықтау
Елімнің табиғаты
- 1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау
- 1.2.2.1 ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
- 1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау
Мен және қоғам — 4 Бізді қоршаған әлем
- 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
- 1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
Басқа пәндер, 1-сынып: Әліппе · Математика · Жаратылыстану