Математика 1-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
1-сыныптың «Математика» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
2А 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту
- 1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану
- 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану
- 1.1.1.1 нөл санының құрылу жолын түсіну
- 1.1.1.4 санаудың ірі бірлігі ондықты құрастыру, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру
- 1.4.3.1 ондықтармен 100-ге дейін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру, 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
- 1.1.2.5 ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау
- 1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну
- 1.2.1.1 санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу
- 1.5.2.2 "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану
- 1.5.2.4 қосу мен азайту компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
2В Сандар және заңдылықтар
- 1.1.1.5 тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу
- 1.4.3.1 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
- 1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау/сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі-түсті моншақтар тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
- 1.4.2.2 бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыштар, есептер, ребустар шешу
2С Шамалар және өлшем бірліктері
- 1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру
- 1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу
- 1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу
- 1.1.3.2 өлшем бірліктерді (ұзындық (см, дм)/масса(кг)/көлем (сыйымдылық) (л) қолданып өлшеу
- 1.1.3.3 ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау
- 1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін: см, дм олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
Басқа пәндер, 1-сынып: Әліппе · Жаратылыстану · Дүниетану