Қазақ тілі 4-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
4-сыныптың «Қазақ тілі» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Тыңдалым және айтылым
- 4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу
- 4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
- 4.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрау
- 4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру
- 4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру
Оқылым
- 4.2.2.1 тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
- 4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
- 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау
- 4.2.5.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
- 4.2.6.1 белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян, мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Жазылым
- 4.3.2.1 тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу
- 4.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу
- 4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау
- 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру
- 4.3.7.2 сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою
- 4.3.7.3 диалогке тән тыныс белгілерді қою
Тілдік нормалардың қолданысы
- 4.4.2.1 күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
- 4.4.2.6 сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау
Басқа пәндер, 4-сынып: Математика · Әдебиеттік оқу · Жаратылыстану · Дүниетану