Дүниетану 3-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
3-сыныптың «Дүниетану» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Мен және қоғам
- 3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру
- 3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру
- 3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
- 3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
- 3.1.3.1 елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату (тип, көлемі, қызметі)
- 3.1.3.2 қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру
Елімнің табиғаты
- 3.2.2.2 ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
- 3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
- 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау
- 3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру
- 3.2.1.1 астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау
Тарих беттерінен
- 3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру
- 3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
- 3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау
Басқа пәндер, 3-сынып: Математика · Қазақ тілі · Әдебиеттік оқу · Жаратылыстану