Қазақ тілі 2-сынып 2-тоқсан: оқу мақсаттары және ҚМЖ
2-сыныптың «Қазақ тілі» пәні бойынша 2-тоқсанның оқу мақсаттары — №399 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасынан (01.09.2025 редакциясы), сөзбе-сөз. Кез келген бөлім бойынша ҚМЖ-ны 5 минутта құрыңыз: мақсаттарды белгілеп, тақырыпты жазасыз — №130 бұйрықтың 4-қосымшасы бойынша дайын Word-файл. Алғашқы жоспар тегін.
Тыңдалым және айтылым
- 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
- 2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
- 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды, ұнамайды, себебі ..., пайдалы болды, пайдасыз болды, себебі ...) білдіру
Оқылым
- 2.2.1.1 сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
- 2.2.3.1 мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
- 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
- 2.2.5.1 дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
- 2.2.6.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу
Жазылым
- 2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
- 2.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, шағын мәтін жазу
- 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер, құттықтау, нұсқаулық (бұйым жасау нұсқаулығы, қауіпсіздік ережесі) құрастыру
- 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
- 2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
- 2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
Тілдік нормалардың қолданысы
- 2.4.2.6 сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу
Басқа пәндер, 2-сынып: Математика · Әдебиеттік оқу · Жаратылыстану · Дүниетану